2.09.2023, 23:08
Оқылды: 399

Оралда «қала күні» қалай тойланады?

Жыл сайын қыркүйек айында шаһарымызда «Қала күні» мерекесі дәстүрлі түрде аталып өтеді. Биыл Оралда қала күніне орай 1-9 қыркүйек аралығында 40-қа жуық мерекелік іс-шара жоспарланған.

IMG-20230902-WA0138

Бұл күндері қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік концерттер, жәрмеңкелер, фестивальдар мен спорттық іс-шараларды тамашалай алады.

Қала күніне арналған шаралар бүгін сағат 19.00-де «Атамекен» өнер ордасында өтетін дәстүрлі «Орал-Опера» классикалық музыка кешімен бастау алды.

2 қыркүйек күні ҚАЗИИТУ студенттер сарайында біздің облысымызда кеңінен тараған «Білімділер додасы»  атты арнайы жоба оздырылады. Ал сағат 18.00-де «Жастар мәдениет сарайында» жастар арасында «Жайдарман» ойындары өтті.

3 қыркүйек күні сағат 16.00-де «Ақжайық» стадионында «Қала күні» мерекесі аясында «Жұлдызды матч» ұйымдастырылады. Матчта «Орал» құрамасы және «Назар аудар» медиа құрамасы өзара бақ сынайды. Командалар құрамында мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары, журналистер, білім, спорт және мәдениет саласының үздіктері, сондай-ақ жайдарманшылар ойнайтын болады.

IMG-20230902-WA0126

4-8 қыркүйек аралығында «Орал» спорт клубында қала әкімінің жүлдесіне арналған волейболдан жасөспірімдер арасында дәстүрлі «Достық-Дружба»турнирі ұйымдастырылады. Он төртінші мәрте өткізіліп отырған спорттық шарада Ресей Федерациясының Новокуйбышевск, Орынбор және Самара қалаларынан, Башқұртстан Республикасының Уфа қаласынан, Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларынан және жергілікті командалар бақ сынайды.

IMG-20230902-WA0128

6 қыркүйек сағат 15.00-де М.Өтемісов атындағы БҚУ ғимаратында «Қала тарихы: Жайықтан  Оралға дейін» облыстық  ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

IMG-20230902-WA0127

«Қала күнінің» басты шаралары 8 қыркүйекке жоспарланған. Шаралар легі  8 қыркүйек күні сағат 9.00-де Жұбан скверінде балалар саз және өнер мектебінің оркестрі мен ансамблдерінің «Қала күніне» арнаған композициясымен басталады.

Сағат 10.00-де Д.Нұрпейісова көшесі бойындағы орталық арбатта «Сапалы өнім-2023» азық-түлік тауарларын өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылады. Сол күні аталған арбатта «Ақжайық – шеберлер қаласы» қолөнер жәрмеңкесі өз жұмысын бастайды. Қолөнер жәрмеңкесі 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

IMG-20230902-WA0129

Сонымен қатар 8 қыркүйек күні Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ғимаратының алдында «Сүйікті қалам – Орал» атты қала суретшілерінің симпозиумы өтеді.

Сағат 15.00-ден бастап қала аумағында жаңа тынымбақтар мен абаттандырылған аулалардың ашылу салтанаты өтеді.

Кешкі сағат 20.00-де Тұңғыш Президент алаңында Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Туған қалам – Орал» атты мерекелік гала-концерт өтеді. Мерекелік концертте эстрада жұлдыздарынан Ауree, Ильхан және Kalifarniya өнер көрсетеді. Гала-концерт отшашумен аяқталады.

IMG-20230902-WA0130

Осы мерекелік концертте қала күніне орай ұйымдастырылған «Жасыл қала», «Үздік маман» және «Үздік видео және фото» конкурстарының жеңімпаздары марапатталады. Айта кетейік, бұл байқаулар қала күнін мерекелеу және Орал қаласының имиджін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Қала тұрғындары үшін хабарландыру маусым айында БАҚ беттерінде, қала әкімдігінің ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде бірнеше мәрте жарияланды.

9-10 қыркүйек күндері Ықсанов көшесінің бойында және «Жәңгір хан» сауда үйінің алдында мерекелік ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

9 қыркүйек күні сағат 10.00-де Зашаған кенті «Құс фабрикасы» ауданындағы Бортау атшабар алаңында «Дала қызықтарының» ашылу салтанатына арналған концерттік бағдарлама және «Жайық жүйрігі -2023» атты бәйге түрлерінен Батыс Қазақстан облысының  ашық чемпионаты басталады.

10 қыркүйек күні Іскер әйелдердің кеңесінің ұйымдастыруымен «AMANAT» партиясының үлкен залында «Өмірде және бизнестегі көшбасшылық» атты бизнес-форумы өтеді. Форумның спикерлері - танымал бизнес-тренерлер Радислав Гандапас, Ләззат Рамазанова, Райымбек Баталов, Гүлбану Майгарина.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале