29.12.2021, 9:30
Оқылды: 83

Оралда қатты аязға байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

Оралда қатты аязға байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6

БҚО гидрометеорология орталығының хабарлауынша, 29 желтоқсан күні 1-ауысымда бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өтеді.

Жергілікті сағат 06.50-де температура бағаны 26 градус аязды көрсетті. Желдің жылдамдығы - секундына 2 метр. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті.

Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысында барлық бағыттар бойынша жолдар ашық.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале