5.08.2022, 17:58
Оқылды: 240

Оралда "Қазақ аналары - дәстүрге жол" шарасы басталды

Ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртып, құндылықты дәріптеуді мақсат еткен шараның киім үлгісі де ұлттық нақыштағы киім мен кимешек.

2

- Біздің бірлестік республика бойынша бір жылдан бері еңбек етіп келеді. Республикалық бірлестіктің төрайымы - жерлесіміз Айнұр Жүгінісова. Ал Батыс Қазақстанда бірлестік жұмысын сәуір айында бастады. Бірлестіктегі қыз-келіншектердің ең жасы - 20 да болса, үлкені - 84 жаста.

1
Ұлттық мұра түпсіз тұңғиық. Үлкендеріміз ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сабақтастырып отырған. Ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрді ұмытпай, дәріптеу біздің парызымыз. Әсіресе, ақ кимешек киюді дәріптегіміз келеді.

3
Бірлестік облыстық "Дизайнерлер қауымдастығымен" бірлесе отырып шара өткізудеміз. Бүгінгі көрмеде жергілікті дизайнерлердің өнімдері ұсынылып отыр, - деді "Қазақ аналары - дәстүрге жол" бірлестігінің БҚО филиалының төрайымы Күлаш Қуанышқалиева.
Айта кетейік, дәстүрді дәріптеген шарада "Кимешек шоу" көрсетілімі өтеді. Ал Тұңғыш Президент алаңы мен Абай атындағы орталық алаң, қалалық мәдени-демалыс саябағында оралдық қолөнер шеберлерінің көрмесі қойылған.

Динара Насыр,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале