28.01.2021, 20:09
Оқылды: 281

Оралда киноклуб құрылды

Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Мәдени-ағарту бірлестігінің қолдауымен Гагарин атындағы балалар кинотеатры жанынан киноклуб құрылды.

к3

Киноклубтың мақсаты отандық, шетелдік фильмдерді насихаттау болып табылады. Бұл ретте киноклуб көркем және деректі фильмдерді тұрақты түрде көрермен назарына ұсынып, шығармашылық топпен кездесулер ұйымдастырады.

у1

Баспасөз конференциясы «Кинотеатр тарихы» туралы бейне фильммен ашылды. «Киноклуб» жұмысының ашылу салтанатын Мәдени-ағарту бірлестігінің директоры Серік Тоқмамбетов ашып, Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Ерболатұлы Кайрлиев сөз алып, киноклуб жұмысына сәттілік тіледі.

к2

Шараға Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын, жазушы, тележурналист Мұнайдар Балмолда, «Ақжайық» телеарнасының бас режиссері  Жігер Құмаров, республика, облыс көлеміне танымал оператор Әлішер Ғұмар қатысты.

Шара соңында режиссер, сценарист, өңдеуші Идрис Галимуллинның «За что люблю я Казахстан» атты қысқа метражды деректі фильмі ұсынылды.

к4

Киноклуб мүшелері жас оператор, режиссер мен сценаристтерге бағыт-бағдар беріп, түсірген кино туындыларын жарыққа шығарып, оларды жігерлендіріп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасайтын, киносаласына өз үлестерін қосып, жаңа идея, жаңа қоғамдық кеңістік аясында жұмыстанатын болады деп күтілуде.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале