27.11.2023, 21:56
Оқылды: 864

Оралда кірпіш тас құлаған үй 60 жылдан бері жөндеу көрмеген – Орал әкімдігі

Оралда кірпіш тас құлаған үй 60 жылдан бері жөндеу көрмеген, деп хабарлайды Kazinform.

IMG-20231127-WA0001

Бұдан бұрын жазғанымыздай, Оралда 26 қараша күні басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмған еді.

Осы оқиғаға байланысты Орал қаласының әкімдігі түсінік берді.

Әкімдік мәліметіне қарағанда, Н.Назарбаев даңғылы 236-мекенжайында орналасқан 48 пәтерлік 4 қабатты үй 1963 жылы пайдалануға берілген.

«Аталған үй бойынша «Жұлдыз-Алға» пәтер иелері кооперативі қызмет көрсетеді. Үйге алпыс жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. «Жұлдыз-Алға» ПИК мәліметі бойынша тұрғын үйді күрделі жөндеу туралы жиналыс ұйымдастырылған. Алайда кворумның болмауына байланысты үйді күрделі жөндеу және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасына қатысу туралы шешім қабылданбаған. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануға міндетті. Оған қоса ПИК те, тұрғындар да көшеде үй маңында тұрған ағаштарды кесу жөнінде қала әкімдігіне жүгінбеген», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиға адам өлімі ретінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін, соған сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале