27.08.2022, 22:40
Оқылды: 211

Оралда қоқыс полигоны өртенуде

Оралдағы "Жайық — таза қала" ЖШС аумағында өрт шықты, деп хабарлады БҚО төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

IMG_20220827_223305
С.Датов көшесіндегі мекеме аумағында құрғақ шөп пен бұтақтарды жалын шарпып, шамамен 1 гектар алаңдағы қоқыс жанған.
Айта кетейік, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Өртті сөндіруге № 1, 2 ӨСБ (12/3), ТЖБ (5/1), ӨСКҚ (3/1), "Жайық — таза қала" ЖШС (34/19) қызметкерлері жұмылдырылған.

Департаментке өрт туралы қоңырау 18.25 те түскен.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале