23.05.2024, 19:00
Оқылды: 0

Оралда көлік саласының мамандары оқушыларға кәсіптік бағдар берді

Бүгін Қазақстан Республикасы Көлік министрілігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру бағытында «Көлік әлемі: Болашақ сіздің қолыңызда!» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.

InShot_20240523_184255796

Шараға қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары, көлік ұйымдары: «Қазаэронавигация» РМК Орал филиалының Әуе қозғалысы қызметі, «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» ЖШС-нің «Батыс» филиалы, М.Мәметова атындағы «Орал «Халықаралық аэропорты» ЖШС, «КазАвтоЖол» ҰҚ АҚ БҚО филиалы, «Жол активтер сапасының ұлттық орталығы» РМК БҚО филиалы, «Қазақстан су жолдары» РМҚК Орал-Каспий филиалы, «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС автобекеті, «KREISS ASIA» ЖШС, салалық жоғары оқу орындары мен колледж өкілдері қатысып, қажетті ақпарат берді.

IMG-20240523-WA0065

Кездесу шеңберінде көліктің әртүрлі салаларында: авиация, теміржол, су және автомобиль көлігінде жұмыс істеу үшін мамандар даярлауға көмектесетін мемлекет бөлетін оқыту гранттары, оқыту бағдарламаларына қатысты мәселелер қозғалды.

InShot_20240523_184330189

Сондай-ақ, көлік саласының сарапшылары кездесуде қатысушылар осы саладағы мамандықтар мен қызметі туралы қызықты және танымдық әңгімелерімен бөлісті.

IMG-20240523-WA0059

Мектеп оқушылары пікір алмасып, өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша толыққанды ақпарат алды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша

көліктік бақылау инспекциясы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале