14.10.2021, 10:21
Оқылды: 98

Оралда көлік велосипедпен жүрген ер адамды қағып кетті

Оралда автокөлік велосипедпен жүрген ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың өңірдегі тілшісі.

211014105612221e

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 13 қазан күні шамамен сағат 22.40-та Ескі әуежай шағынауданында Светлая көшесінде болды. 37 жастағы жүргізуші «HINO RANGER» автокөлігімен (манипулятор) белгіленбеген жерден велосипедпен өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен. Жасы 25-30-дағы, еуропа пішіндес ер адам сағат 23.20-да есін жия алмастан, ауруханада көз жұмды. Кейін велосипедпен жүрген адамның 33 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші ішімдік ішпеген. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

2110141057381531g

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале