16.02.2023, 15:30
Оқылды: 61

Оралда көшені қардан тазалау жалғасып жатыр

Бүгін қала көшелерін қардан тазартуға  360 жұмысшы, 150 техника, оның ішінде автогрейдерлер мен арнайы техникалар жұмылдырылған. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жазды.

IMG_20230216_152219_503

Мамандардың айтуынша, қар тазарту және оны шығару жұмыстары арнайы техникалардың әсерінен көлік кептелісін болдырмас үшін негізінен түнде жүргізіледі.

Өткен түні қаладан 2040 текше метр қар шығарылған. Қазіргі таңда тротуарлар мен аялдамаларды, тынымбақтарды тазартылып жатыр.

IMG_20230216_152208_043

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале