12.04.2024, 15:00
Оқылды: 158

Оралда құрбан шалынды

Бүгін облыстық «Ар-Рахман» мешітінде құрбан шалынды. Аталған игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

WhatsApp Image 2024-04-12 at 15.47.51 (1)

- Уа, Алла Тағалам! Халқымызды, еліміз бен жерімізді түрлі табиғи апаттан, зілзаладан, топан судан, өрттен, кеселден, індеттерден аман сақтай гөр! Жер бетін бүлік пен апаттан аман еткейсің. Уа, Алла Тағалам! Тасқын судан зардап шеккендерге Өзің жар болғайсың. Олардың басына келген сынақтың соңын қайырлы еткейсің. Жерімізді тасқын судан сақтай гөр, - деп дұға етті Бас мүфти.

WhatsApp Image 2024-04-12 at 15.47.50

Облыстың бас имамы Самат қажы Қанатқалиұлының айтуынша, құрбандыққа шалынған мал еті мұқтаж жандарға, тасқыннан зардап шеккендерге таратылады.

Бас мүфти жұма намазына қатысып, тұрғындарды бірлікке, сабырлыққа шақырды.

– Өмір - сынақ алаңы болғандықтан адам баласының басына қуанышты жағдайлармен бірге қайғының да қатарласып келетіні белгілі. Ешбір пенде өз өміріне Алла Тағаладан тауқымет пен сынақты сұрап алмайтыны анық. Алайда мұсылманның басына сынақ келген жағдайда оған сабыр етіп, өзін ұстаумен қатар разылық таныта білгені дұрыс. Қиыншылық соңында қайыр-жақсылық болатынын ұмытпау керек. Өйткені Алла Тағала «Шарх» сүресінде: «Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар» деген. Құранда айтылғандай Алла тағала құлына шамасы келмейтін істі жүктемейді. Басқа түскен қайғы-қасіретке сабыр ету әрбір пенденің қолынан келетін іс, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

WhatsApp Image 2024-04-12 at 15.47.51

Марлен Ғилымхан, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале