28.09.2022, 12:00
Оқылды: 127

Оралда құрылыс бөлімінің экс басшысы 11 жылға сотталды

Арман Өксікбаев бірнеше жылдар бойына Орал қалалық құрылыс бөлімін басқарды. Ол соңғы жылдары 170 млн теңге пара алды деген күдікпен тергеліп жатқан болатын.

23

Фото дереккөзі: inform.kz

Бүгін мамандандырылған қылмыстық сотында судья Арман Өксікбаевты кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Әрі өмір бойына мемлекеттік қызметке тұруға тыйым салды.

Алайда Өксікбаев сот залында өзіне тағылған айыппен келіспейтіндігін мәлімдеп үлгерді.

Ескерте кетейік, сот шешімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале