22.10.2023, 14:11
Оқылды: 142

Оралда мемқызметшілер жарысы өтті

25 қазан – Республика күніне орай Орал қаласында жиылған облыстың мемлекеттік қызметшілері футзалдан Орал қаласы әкімі кубогын сарапқа салды. Екі күнге созылған ала доп аламанына Орал қаласы мен аудандардан келген 12 команда қатысты. 

InShot_20231022_140622590

Футзалшылар жарысының ашылуына Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов, "Ақжайық" футбол клубының директоры Манарбек Ержанов, БҚО Футзал ассоциациясының президенті Жасын Хабибуллин және аудан әкімдері мен орынбасарлары қатысты. Мирболат Сағынғалиұлы өз сөзінде барша спортшыларды алдағы мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

InShot_20231022_140828761

Бірнеше күнге костюмін футбол формасына ауыстырған мемқызметшілер тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Қорытындысында Бөрлі ауданының мемқызметшілер командасы үшінші, казталовтықтар екінші орын иеленсе, Жәнібек ауданының командасы бірінші орынды жеңіп алды.

Жарыс барысында әдемі ойын өрнегін көрсеткен Еділ Елемесов "Үздік ойыншы", Асфандияр Амангелдиев "Үздік қақпашы", Марат Ерғалиев "Үздік қорғаушы", Ерлан Сағындықов "Үздік шабуылшы" атанды.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале