21.06.2022, 9:30
Оқылды: 157

Оралда «Мерейлі отбасы – 2022»  байқауының жүлдегерлері марапатталды

Орал қаласындағы Шолохов тынымбағында «Мерейлі отбасы – 2022» ұлттық байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Мерейли отбасы (2)

Cалтанатты іс-шара басында Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов қаламыздың даму жолына өз үлесін қосқан отбасыларға ризашылығын білдірді.

Аталмыш конкурс ұлттық құндылықтарды жаңғырту, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, қоғамдағы өнегелі отбасыларды кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.

Арнайы құрылған комиссияның шешімімен байқаудың бас жүлдесіне ие болған Балмолдиндер әулеті «Мерейлі отбасы – 2022» аталымымен марапатталды. Кереевтер мен Салимовтар ІІ орынды, Әушетовтер ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар белсенділік танытқан Шаймардановтар «Шебер отбасы», Серіковтер «Өнегелі отбасы», Губайдуллиндер «Ұлағатты отбасы» және Әсетовтер «Өнерлі отбасы» аталымдарымен марапатталды.

– Осы байқауға қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінгенімізге қуаныштымыз. Бұған дейін облыстық «Оқырман отбасы» байқауының жеңімпазы болған едік. Адами және ұлттық құндылықтарды дәріптеген жанұяны жиі насихаттау, марапаттау – жас отбасылар үшін үлкен қолдау. Жалпы біз балаларымыздың бойында жақсы қасиеттер болғанын маңызды деп санаймыз. Ол үшін ата-ана ретінде игі ісімізбен үлгі болуға тырысамыз, – дейді Рүстем Кереев.

Салтанатты кеште жеңімпаз отбасыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Аманжол Исламғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале