3.12.2021, 12:00
Оқылды: 92

Оралда мерзімдік әскери қызметтерін абыроймен атқарған сарбаздарды  құрметпен шығарып салды

Оралдағы 5517 әскери бөлімінде Алматы, Ақтөбе, Атырау, Түркістан және Маңғыстау облыстарынан мерзімді қызметтерін өткерген 2020 жылдың екінші шақырылымындағы 200-ден астам сарбазды шығарып салуға арналған салтанатты рәсім өтті.

A7C6F784-9F64-4432-8F03-326D2CF1F677

Іс-шараны бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы майор Марат Нұрмұратов ашып, барлық қатысушыларға Отанды қорғау Қазақстан Республикасының әрбір азаматының қасиетті парызы екенін жеткізіп, олардың алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі.

Одан кейін мерекеге келген облыстың Полиция департаменті мен түзеу мекемелерінің өкілдері әскери қызметшілерге жауынгерлік қызметті жақсы атқарғаны үшін алғыстарын білдірді. Ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Осыған орай "Батыс" өңірлік  қолбасшылығының қолбасшысы мен 5517 әскери бөлімі командирінің әскери қызметін үлгілі өтегендерді ынталандыру туралы бұйрығы оқылды.

62652C6D-C8CF-4FAD-8DAD-353D0AD2C61B

Еске сала кетейік, бұл күні көптеген  сарбаздар алғысхаттар, "Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін" кеуде белгісімен, естелік сыйлықтармен марапатталған болатын. Үздіктер ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу немесе ІІМ жүйесінің оқу орындарына түсу үшін ұсыным хаттар алды.

- Қызметімізді жақсы әсермен еске алатын боламыз. Армия біз үшін нағыз өмір мектебіне айналды. Бізге осы жолдан өтуге көмектескендердің барлығына алғыс айтамыз,-деді Алматы облысынан келген қатардағы жауынгер Асқар Бекзат.

- Ең алдымен, темірдей тәртіпті, төзімді болуға тәрбиелеген, қолыма қару ұстатқан командирлеріме, сержанттарыма, қасымда болған қарулас достарыма алғысымды білдіремін. Мен Ұлттық ұлан қатарында қызмет атқарғаныма өте қуаныштымын, өйткені әскери қызметте жүріп көп нәрсені үйреніп, өзіме сенімді достар таптым. Үйде сағына күтіп отырған әке-шешем, бауыр-қарындастарым бар. Қазір бірнеше минуттардан соң туған жеріме оралу үшін жол жүргелі тұрмын. Болашақта осы әскери қызмет саласында еңбек етуді көздеймін, – деді атыраулық Фархат  Умбетов.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы қатарында қызмет еткен сарбаздар әскери тәртіпті ғана емес, қала көшелерінде азаматтардың мүдделерін қорғауды, сондай-ақ қиын сәтте оларға көмектесуді де үйренді.

 Ертуған Әубәкір,

капитан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале