29.11.2023, 11:00
Оқылды: 876

Оралда мұғалім 6-сынып оқушысын ұрған: сотқа дейінгі тергеу басталды

27 қарашаның полиция қызметіне Орал қаласындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 6-сынып оқушысын ұрғаны жөнінде хабарлама түскен.

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің instagram парақшасында хабарланды.

ЖП Полиция (2)
- Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Орал қаласы полиция басқармасының басшылығы, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары барды.
Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап, сот-медицина сараптамасын тағайындады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 140-бабымен кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау фактісі негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды, делінген хабарламада.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале