8.12.2021, 11:51
Оқылды: 272

Оралда "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Батыс Қазақстан облысының Азаматтық орталығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

21

 

Елімізде 25 қарашадан бастап «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы өткізіліп жатыр. Бүгінде барша әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заң бұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Зерттеулер бойынша, оның басты себептерінің біріне етек алған маскүнемдік, жұмыссыздық, соған байланысты тұрмыс жағдайының ауырлығы сияқты әлеуметтік жайлар жатады. Тұрмыста жапа шегетіндер негізінен әйел адамдар.

Акцияның негізгі міндеті – қоғам назарын екі шұғыл проблемаға аудару: тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық бірлестіктердің адам құқықтарын қорғау бойынша күш-жігерді біріктіру қызметін жандандыру.

22

 

Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығы жанынан жұмысшы әйелдер құқығын қорғау комиссиясы аталмыш акцияның мақсат-міндеттерін насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өткізіп отыр. Шараны Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығы төрайымының орынбасары Б.Атауов ашып, аталған шараның маңыздылығы мен мақсат-міндеттерін атап өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына БҚО ПД ЖПҚБ ӘЗҚЖ аға инспекторы, полиция майоры Д.Саттарова, Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Т.Қайрекеев, «Жайық дауысы» ҚБ төрайымы Х.Мұқанова, «Жайық таңы» ҚБ төрайымы Г. Муштанова, «Әйел. Қоғам. Болашақ» ҚБ төрайымы Г.Төлегенова, Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы  Б.Нұрмағамбетова, Орал қаласының №2 сотының  судьясы М.Сахипова, Орал қаласының кризистік орталығының заңгер-маманы М.Тарханқызы, БҚО Татуласу орталығының медиаторы З.Шатикова қатысты

Шарада соңғы уақытта орын алған оқиғалар, осы тақырыпта қозғалатын басты проблемалар мен оларды шешу жолдары талқыланды. Сала мамандары статистикалық мәліметтермен бөлісіп, құқық бұзушылық жағдайларындағы әкімшілік шара қолдану жолдарын айқындады. Сонымен қатар, зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдермен жұмыс жүргізетін инспекторлар өңіріміздің әр ауданында жұмыс жасап бастағандығы мәлім болды.

17

Іс-шараның қорытындысы ретінде, қатысушылар маңызды сұрақтарды шешу үшін әр оқиғада жапа шеккен тараптармен тікелей байланыс жасап, кей жағдайда көшпелі ақпарат насихат жұмыстарын жүргізіп, психолог мамандармен жұмыс сапасын жақсарту қажеттігі атап өтілді.

Зарина Каирова,

Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығы

БАҚ бойынша бас маманы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале