6.09.2019, 10:05
Оқылды: 163

Оралда педагогикалық колледж бен Зияткерлік мектеп пилоттық жоба бастады

Жаңа оқу жылы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері үшін жағымды жаңалықпен басталды. Олар колледждің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымымен бірлескен пилоттық жобасына қосылды. Республикадағы педагогикалық колледждердің жаңа стратегиясы бойынша алғашқы жоба «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша эксперименталды бағдарламаны енгізуге бағытталған.

nis (1)

Бірінші қыркүйек бірінші курс студенттері үшін педагогикалық шеберлік орталығы дайындаған «Мамандыққа алғашқы қадам» күні ретінде аталды. Бұл  – болашақ мұғалімдердің заманауи мектепте оқу және жас мұғалімдердің өзін-өзін тиімді дамыту мотивациясына арналған ірі жобаның аясындағы арнайы жоба.

«XXI ғасырдағы білім беру»  пікірталас семинарында  табысты педагогтың үздік техникалары мен дағдылары талқыға салынды. Бағдарламада болашақ мұғалімдердің қызығушылығын тудыратын «Z ұрпағы: Біз қандаймыз?», «21 ғасырда қалай оқимыз және неге оқимыз?», «Білім алу мен өзін-өзі жетілдірудің үздік техникалары», «Академиялық адалдық», «Мәтінмен жұмыс стратегиялары», «Студент көшбасшылығы – мұғалім көшбасшылығы» сынды ойын-интерактивті тренингтер, шағын дәрістер, пікірталастар болды.

nis (2)

Басты оқиға Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне экскурсия. Студенттер бұл жерде жұмыс істеуді армандайтындарын мойындады. Студенттерді мұғалімдердің практикасына қойылатын талаптардың өзгергендігі, олардың мектепке жақындай түскені туралы жаңалықтар қуантпай қоймады.

-«Менің болашақ мектебім» кампус-туры, көшбасшылық пен шығармашылық бойынша тимбилдинг пен тренингтер, «Менің кәсіби ұстанымым. Болашақ. Мансап» рөлдік ойыны, ал ең бастысы тәжірибелі мұғалімдердің шеберлік сағаттары сериясы студенттерге командалық рух, кәсіби ынтымақтастықты сезінуге мүмкіндік берді, – дейді Орал қалалық ПШО директоры Лариса Обыденкина.

nis (3)

Сонымен қатар бес күн бойы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы тренерлері ұйымдастырған практикумдар мен шеберлік сабақтары колледж ұстаздарына жаңа педагогикалық тәсілдер негізінде пәндер бойынша оқытудың оқу бағдарламаларын, жоспарларын әзірлеу дағдыларын жақсартуға мүмкіндік берді. Айта кету керек, орталық мамандары колледж педагогтерінің біліктілігін арттырудың 90-нан астам бағдарламасын дайындады.

Айта кетейік, NIS және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің бірлескен жобасы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ арасындағы меморандумға сәйкес жүзеге асуда.

Оралдағы Назарбаев зияткерлік

 мектебінің баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале