11.02.2025, 10:52
Оқылды: 197

Оралда полицейлер саяжайдан ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Орал қаласында полицейлер саяжайдан ұрлық жасаған ұрыны ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

0b73e321-4c56-4e4c-92d2-1172035636ff

Сурет: Polisia.kz 

Орал қаласында полиция қызметкерлері саяжайға заңсыз кіріп, саяжай иесінің заттарын ұрлап кеткен ер адамды ұстады. Күдікті терезені сындырып, үйге кіріп, тоқыма машинасын, плазмалық теледидарды, су жылытқышты, пластикалық терезені, қайық қозғалтқышын және шынжырлы араны ұрлаған. Ұсталған адам ұрланған заттарды гаражына жасырып, қайта сатуды көздеген. Алайда полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында ұры ұсталып, ұрланған мүлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Шығын сомасы 785 мың теңгені құрады. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале