21.04.2021, 16:30
Оқылды: 190

Оралда «Qazaqstan дауысы» жобасы іріктеу өткізеді

23 сәуір күні «Qazaqstan дауысы» жобасының ұйымдастыру тобы Орал қаласында өтетін іріктеуде батысқазақстандықтардың арасынан талантты орындаушыларды таңдап алады. Одан соң кастингтер 26 және 29 сәуір күндері Ақтөбе мен Ақтау қалаларында өтеді.

 D93D722D-0B24-4FE1-9D40-4E9AB661F405

«Qazaqstan дауысы» – әлемнің 100-ден астам елінде көрсетілген әйгілі «The Voice» телешоуының қазақстандық нұсқасы. Жобаның басты ерекшелігі –  қатысушылар вокалдық қабілеттеріне қарай таңдалады.

Телевизиялық шоу финалды қосқанда 4 кезеңнен тұрады.

Күзгі жаңа маусымнан бастап, еліміздің басты арнасы  «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Qazaqstan дауысы» жобасы эфирге шығады. Осыған байланысты Ұлттық арна ел ішіндегі талантты орындаушыларға байқау жариялайды. Жобада 16 жастан бастап 59 жасқа дейінгі үміткерлер бақ сынай алады.

Өтінімдер qazaqstan.tv/voice сайтында 2021 жылдың 10 маусымына дейін қабылданады. Байланыс телефоны: +7 776 286 8691

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале