5.10.2022, 22:44
Оқылды: 110

Оралда «QUIZIZZ» интеллектуалды ойыны өтті

Бүгін шаһардағы ұстаздар қауымы бас қосты. Тәуелсіздікті бойына тұмар қып таққан ұландарға білім мен тәрбие беру жолында қызмет ететін ардақты мамандық иелерінің төл мерекесіне орай «QUIZIZZ» интеллектуалды ойыны өтті. Аталмыш білім бәйгесін БҚО және Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтары ұйымдастырды.

3FB6A044-06F0-41D1-9042-ADFB24667203

Қос орталықтың мұрындық болуымен жүзеге асқан додаға қаладағы оқу ордаларының ұстаздары қатысып, бақ сынады.

Тартысты, бәсекеге толы өткен сайыста жүлделі I орынды М. Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейінің намысын қорғаған ұстаздар жеңіп алды. Ал II орынды М.Б.Ықсанов атындағы №36 мектептің мұғалімдері қанжығалады. Үздік үштікті №42 «Ақниет» гимназиясының ұстаздары түйіндеді.

Барлық қатысушыларға алғысхат және бағалы сыйлықтар табысталды.

Сымбат Қыпшақбай,

Орал қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бөлім басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале