24.09.2024, 15:00
Оқылды: 158

Оралда референдумға шақыру қағаздары таратылып жатыр

Биылғы жылдың 6 қазанында өтетін референдумды тұрғындар арасында насихаттау мақсатында төрт мыңға жуық ақпараттық плакаттар дайындалды. Аталған плакаттар сайлау өтетін учаскелік референдум комиссиялары орналасқан орындарға, қоғамдық көліктерге, халық көп жиналатын орындарға ілінген. Бұл туралы Орал қаласы аумақтық референдум комиссиясынан хабарлады.

887104F2-1440-4D3F-AFCB-D43B70BFC2BB

Сонымен қатар сауда орындары мен базарларда, ХҚКО-ларда бейне роликтер мен дыбыстық хабарламалар таратылып жатыр.              

«ҚР Орталық референдум комиссиясы тапсырмасы бойынша біздің комиссиялар шақыру қағаздарын таратуға ерекше назар аударады. Біздің басты міндетіміз – әр сайлаушыға шақыруды жеткізу, әр дауыстың маңыздылығын түсіндіре білу саналады. Бүгінде комиссия мүшелері үй-үйлерді аралап, шақыру қағаздарын таратып жүр. Қала тұрғындары, біздің сайлаушыларымыз комиссия мүшелерінің жұмысына түсіністікпен қарап, ел үшін маңызды саяси науқанға белсенді қатысады деп сенеміз.

87726DA5-4EE8-426F-9883-9B637B8FD9F0

Қазіргі таңда Орал қаласы аумағындағы 233 мың дауыс берушінің шақыру қағазы учаскелік сайлау комиссияларына толықтай берілді. Соның 50 мыңнан астамы тұрғындардың қолына жеткізілді.

Сондай-ақ сайлау заңнамасына сәйкес әр сайлаушы арнайы сайтқа кіріп, өзін сайлаушылар тізімінде нақтылай алады. Сонымен қатар 50-02-55 call орталығы, ыңғайлы телеграм-бот жұмыс істейді. Онда ЖСН енгізілгеннен кейін сайлаушы өз учаскесінің орналасқан жерін біле алады.

Дауыс беру күні және оған дайындық кезеңінде мүгедек адамдар үшін ыңғайлылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіледі. Барлық учаскелер қажетті пандустармен, тактильді көрсеткіштермен жабдықталған. Дауыс беру күні мүгедектер арбасына таңылғандар үшін 14 инватакси жұмыс істейтін болады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, дауыс берушілерді алаңдататын барлық мәселелер бойынша 24-30-10, 24-40-30 телефондарына хабарласуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале