Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шаруалар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр»
25 Қыркүйек 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шаруалар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр»

Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды
25 Қыркүйек 2021

Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

Қазақстандық параспортшылар Еуропа чемпионатынан 4 медаль жеңіп алды
25 Қыркүйек 2021

Қазақстандық параспортшылар Еуропа чемпионатынан 4 медаль жеңіп алды

Соғыс кезінде жоғалған адамдарды іздеу: Қазақстанда 2 жылда 5 мыңнан астам өтініш түскен
24 Қыркүйек 2021

Соғыс кезінде жоғалған адамдарды іздеу: Қазақстанда 2 жылда 5 мыңнан астам өтініш түскен

Көшерге арнап әндерін...
24 Қыркүйек 2021

Көшерге арнап әндерін...

Айналаң күл-қоқысқа айналса...
24 Қыркүйек 2021

Айналаң күл-қоқысқа айналса...

Соңғы жаңалықтар
24 Қыркүйек
4.07.2021, 14:25
Оқылды: 373
Оралда республикалық домбырашылар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Күй құдіреті» республикалық домбырашылар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Ұлттық домбыра күніне және күйші-композитор Сейтек Оразалыұлының 160 жылдығына арналған байқау өз мәресіне жетті.

1

Сейтек Оразалыұлының есімін ұлықтап, төкпе күй мұраларын кеңінен насихаттап, республикамыздағы домбырашылардың кәсіби деңгейін шыңдауды және жас домбырашылардың жаңа есімін ашуды мақсат еткен байқауды облыстық халық шығармашылық орталығы ұйымдастырды.

Жайық жұртын Ұлттық домбыра күнімен және күй байқауының жеңімпаздарын құттықтауға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов келді.

– Біздің өңір өнерден кенде емес. Елорда күні қарсаңында, Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай күйшілік дәстүр мектептері қалыптасқан өлкеде өнер мерекесі өтуде. Күй атасы Құрманғазы мен күй анасы Дина бастаған дүлдүл күйшілер мекен еткен Бөкей ордасының 220 жылдығымен тұспа-тұс келген бүгінгі Сейтек Оразалыұлы бабамыздың 160 жылдығына арналған "Күй құдіреті" республикалық домбырашылар байқауы Ақжайық өңірін рухани серпілтті. Жылдың соңына дейін күй мерекесі Дина Нұрпейісованың 160 жылдық мерейтойы аясындағы шаралармен жалғаса бермек. Ендеше, еліміздің егемен күнінде көкейге қонған қуаныш мерекесі – Ұлттық домбыра күні жасай берсін! - деді облыс әкімінің орынбасары.

2

Екі кезеңнен тұрған байқауға Алматы, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облысы аудандары және Орал қаласынан 18-45 жас аралығындағы күйшілер қатысты. Тартысты өткен күй байқауын республика және облысымызға танымал мәдениет қайраткерлері, кәсіби күйшілерден құралған қазылар алқасы бағалады.

Байқау қорытындысында І орынға атыраулық Қайрат Жұмағалиев, бас жүлдеге шыңғырлаулық (БҚО) Азамат Қалиев ие болды.

Екі күнге созылған байқауды ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, күйші қазылар алқасының төрағасы Ермек Қазиев түйіндеді.

– «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп Қадыр ағамыз бекер айтпаған ғой. Сол домбыраның үнін елімізге, халқымызға өз деңгейінде жеткізіп, үлкен жол салып, өзінің композиторлығымен танылып кеткен Сейтек бабамыз. Ол кісі тек күйші емес, өте қайратты адам болған. Көзін көрген, қасында жүрген үлкен кісілер маған Сейтек бабамыздың тек күйші ғана емес, қара күштің иесі болғанын жиі айтатын. Жас күйшілерге күй өнерін шыңдай беріңдер дегім келеді. Күй өнерінде дыбысқа мән беру маңызды. Әр күйді тартар кезде оның тарихын білген дұрыс. Сонда күйді бар болмысыңмен сезініп, халыққа жеткізе аласыңдар. Халқымыздың күй өнерін дәріптеп жүрген жас күйшілерге сәттілік тілеймін, - деді күйші-композитор. Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты шара соңы гала-концертке ұласты.

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Облыста 22 350 адам жаман індеттен емделіп шыққан

Облыста 22 350 адам жаман індеттен емделіп шыққан

24.09.2021, 17:22

Жаһандық саммит: ҚР Президенті биологиялық қауіпсіздік халықаралық агенттігін құруды ұсынды

Жаһандық саммит: ҚР Президенті биологиялық қауіпсіздік халықаралық агенттігін құруды ұсынды

22.09.2021, 22:59

Батыс Қазақстанда соңғы аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 7,3 пайызға төмендеді

Батыс Қазақстанда соңғы аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 7,3 пайызға төмендеді

22.09.2021, 22:40

2022 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақының көлемі қандай болады

2022 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақының көлемі қандай болады

22.09.2021, 21:25

Жамбылдағы жарылыс: Екі журналистке қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Жамбылдағы жарылыс: Екі журналистке қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

22.09.2021, 21:01

Батыс Қазақстанда егілуге тиісті тұрғындардың 60 пайыздан астамы вакцина алды

Батыс Қазақстанда егілуге тиісті тұрғындардың 60 пайыздан астамы вакцина алды

22.09.2021, 19:11

Оралда «ММА Академиясы» ашылды

Оралда «ММА Академиясы» ашылды

22.09.2021, 11:40

Асқар Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді

Асқар Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді

20.09.2021, 14:47

Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай

Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай

20.09.2021, 10:35

Оралда облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер мектебі ашылды

Оралда облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер мектебі ашылды

18.09.2021, 21:38

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жаңа спорттық нысандар ашылды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жаңа спорттық нысандар ашылды

18.09.2021, 19:53

Есімдері ел жадында жүрсін деп

Есімдері ел жадында жүрсін деп

18.09.2021, 19:32

Оралда «Сапалы өнім - 2021» көрмесі өтті

Оралда «Сапалы өнім - 2021» көрмесі өтті

18.09.2021, 17:41

Кинофестиваль қорытындыланды

Кинофестиваль қорытындыланды

18.09.2021, 8:54

Үміткерлер қазақ тілін білуге міндетті

Үміткерлер қазақ тілін білуге міндетті

16.09.2021, 11:28