2.12.2023, 13:47
Оқылды: 20

Оралда Республикалық пікірсайыс турнирі басталды

Бүгін Орал қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған студенттер мен магистранттар арасындағы Республикалық пікірсайыс турнирі басталды.

IMG-20231202-WA0148

Екі күнге созылатын сөз бен ой бәсекесіне батысқазақстандық пікірсайысшылардан бөлек Астана, Түскістан, Қостанай, Ақтау, Талдықорған, Жетісай, Атырау, Ақтөбе қалаларынан келген 32 команда қатысуда.

IMG-20231202-WA0147

Аталмыш турнирдің негізгі мақсаты – ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында еліміздің жеткен жетістіктерін насихаттау және мемлекеттік маңызы бар мәселелерді талқылау және оларды шешу бағытында тың идеяларды тудыруға мүмкіндік жасау.

IMG-20231202-WA0144

Турнирдің ашылу салтанатына қатысқан Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева:

IMG-20231202-WA0146

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Біз осыдан 32 жыл бұрын бабалар арманын ақиқатқа айналдырдық. Жаңа Қазақ мемлекеті құрылғанын дүние жүзіне паш етіп, Тәуелсіздігімізді жарияладық. Бірнеше ғасырдан бері үзіліп қалған дербес мемлекеттілік дәстүрімізді қайта жалғадық. Шын мәнінде егемендік – елдің бәріне бұйыра бермейтін бақ. Әлемде сан миллион халқы болғанымен, ұлтарақтай жері жоқ қаншама ұлт бар. Ал, қазақтың пешенесіне өз мемлекетін құру бақыты жазылды. Бұл – ұлы бақыт, ұлттың бақыты! Бұдан асқан қуаныш, бұдан биік мәртебе бар ма?!",-деген сөзін атап өтіп, турнир қатысушыларына облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің құттықтау хатын оқып берді.

Сонымен қатар, еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері мен Батыс Қазақстан облысының ерекшеліктерін тілге тиек етті.

IMG-20231202-WA0150

Пікірсайыс турнирі елімізге белгілі, беделі жоғары оқу орындарының бірі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде өткізіліп жатыр.

IMG-20231202-WA0143

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, турнир ұйымдастырушыларының бірі Мерген Сүлейменов ЖОО басшылығы атынан пікірсайыс турнирінің өтетін орны мен өзге аймақтан келген қатысушыларды тұратын орынмен қамтамасыз етуге қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

IMG-20231202-WA0149

Дода американдық және британдық парламенттік форматта қазақ тілінде ұйымдастырылған. Ал үздік спикер Линкольн-Дуглас форматы бойынша анықталады.

Пікірсайыс турнирінен бөлек пікірсайысқа қатысушылар арасында спорттық іс-шаралар өткізуде жоспарланып отыр. Турнир жеңімпаздары 3 желтоқсан күні анықталып, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталатын болады.

Жандос Сұңғатов,

БҚО ҚДБ жастар ісі жөніндегі

бөлімнің бас маманы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале