27.01.2025, 12:00
Оқылды: 94

Оралда саяжайлардың есебі жүргізілетін болады

Ол үшін арнайы бағдарлама жүйесі дайындалып жатыр. Ол электронды бағдарламада саяжай халқы мен мүлкі, жан-жануардың есебі түгел жүргізілетін болады. Бұл туралы Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев айтты.

су орал дача

Сурет: сайт архивінен

Жандос Асхатұлының айтуынша, саяжайлардың есебі ешқашан жүргізілмеген. Себебі бұрын ол жер тек бау-бақша егетін орын ретінде ғана қолданылып келді. Бірақ кешегі су тасқыны салдарынан үй-жайы суға кеткен халық бар. Бүгінгі күнге дейін Орал қаласында 2600 отбасы үйлі болған.
-Орал қаласында төтенше жағдай әлі ашық тұр. Комиссия әлі жұмыс істеп жатыр. Бұл сан әлі өзгереді,- деді Жандос Дүйсенғалиев.
-Біз қазір арнайы програмистермен бірге электронды бағдарлама жасақтап жатырмыз. Ол жерде саяжайлардың есебі бөлек жүргізілетін болады. Мен атап өткім келеді, бізде ешқашан саяжайлардың есебі жүрмеген. Кешегі су тасқынында соның қиындығын көрдік. Енді осындай олқылыққа жол бермес үшін біз саяжайда тұратын отбасылардың тізімін, кәмілетке толмаған балалар мен қарялардың санын, мүгедектігі бар адамдардың есебін жасайтын боламыз. Бұдан бөлек саяжайдағы жер учаскесінде кім қыстайды, кімнің тек жазғы үйі бар. Кімнің жерінде тек үйдің фундаменті жатыр, ауласы қоршалған ба, мал ұстай ма, газ, электр желісі өткен бе, жоқ па міне осы категориялар бойынша есеп жүргізілетін болады. Бұл есеп қалада аяқ асты бір оқиға, төтенше жағдай бола қалған жағдайда тиісті органдардың жедел қимылдауына, бірінші қай участікке бару керегін білу үшін, анықтау үшін жүргізіледі ,- деді Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале