22.06.2022, 16:16
Оқылды: 109

Оралда сегізінші қабаттағы терезеден қарап тұрған 2,5 жастағы бала құтқарылды

Оралда сегізінші қабаттағы терезеден қарап тұрған 2,5 жастағы бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220622163249342e

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға бүгін Құрманғазы көшесі 33-мекенжайында орналасқан тоғыз қабатты үйде болды. Шақырту сағат 10.52-де түскен.

2206221637271666g

«2019 жылғы бала үйде жалғыз қалған. Көрші әйел есікті ашайын десе, бала жылап, ашық тұрған терезеге жүгірген, сосын құтқарушыларды шақырған. Бала терезе мен балконнан қарап тұрған. Оны шошытып алмау үшін құтқарушылар төбеден балкон арқылы түсіп, баланы құтқарып қалды. Содан кейін келген анасының қолына тапсырған. БҚО ТЖ департаменті ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау керектігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале