17.05.2023, 17:21
Оқылды: 86

Оралда Сомалидан келген тамада ұсталды

Ақтөбеден Орал қаласына барар жолда, Сырым ауданында 25 жастағы шетелдік ұсталды. Белгілі болғандай, ол Алматы қаласының жоғары оқу орындарының бірінің студенті. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

photo_373020

Фото:gov.kz

Сомалиліктің айтуынша, ол елімізде 2019 жылдан бері тұрады. Алматы қаласындағы ЖОО-да бағдарламашы мамандығында оқиды. Осы уақыт ішінде тілді жақсы меңгеріп, салтанатты шараларға қатысып, ақша тауып жүрген.

Оның визасының уақыты біткен, соның негізінде ҚР Көші-қон заңнамасын бұзу фактісі бойынша хаттама жасалды. Материал сотқа жіберілді. Енді шетелдік азамат депортациялануы мүмкін.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале