21.12.2023, 11:15
Оқылды: 9

Оралда сотталған азаматқа ақша бермек болған тұрғын ұсталды

19 желтоқсан күні Оралда орналасқан №27 түзету мекемесінде жазасын өтеуші «А» есімді сотталушыға ұзақ мерзімді кездесуге келген «Б» есімді азаматтың сөмкесінен жасырылған 42 мың теңге табылған.

тюрма улан

Осылайша Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мекеме қызметкерлерімен бірігіп тыйым салынған затты түзету мекемесіне кіргізбек болған азаматтың жолын кесті.

Қазіргі уақытта әкімшілік жауапқа тарту үшін арнайы мәліметтер жиналып жатыр. Мекеме басшылары түзету мекемесі аумағына тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті үшін ҚР ӘқБТ-нің 481-бабына сәйкес 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

 

ҚР ҰҰ «Батыс» Өңірлік қызметінің

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале