15.03.2021, 9:37
Оқылды: 136

Оралда студенттер арасында қайырымдылық спартакиадасы өтті

Оралда тұңғыш рет студент жастар арасында ұлттық спорт түрлерінен "Ұлттық қазына" қайырымдылық спартакиадасы өтті.

 с2

Спартакиадаға қаламыздың 10-нан астам ЖОО мен АОО студенттерінен құралған командалар қатысты.

12 наурыз күні шараның ашылу салтанаты өтіп, қатысушылар ұлттық жарыстың алғашқы күнінде асық ату, бес тас және тоғызқұмалақ ойындарынан бақ сынасты.

с3

Ал 13 наурыз күні студенттер аударыспақ, теңге ілу, садақ ату және қазақ күресі бойынша жарысқа түсті.

Қайырымдылық спартакиадасы "Nur Otan" партиясы "Jas Otan" Жастар қанаты БҚОФ ұйымдастырумен, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен 12-14 наурыз аралығында 3 күн қатарынан 10 спорт түрі бойынша өтті.

с4

Қайырымдылық спартакиадасынан жиналған қаражат Ақсай қаласының тұрғыны, қатерлі дертке шалдыққан Шахмаров Эмирдің еміне жұмсалатын болады. Шараның демеушісі – облыстық мәслихат депутаты Тұрарбек Тлемісов.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале