2.04.2024, 10:45
Оқылды: 51

Оралда су тасқыны қаупі бар

Бұл туралы Үкімет кулуарында "Қазгидромет" РМК бас директорының орынбасары Серік Сайыров мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 су дрон орал 11

Оның сөзінше, Жайықта су деңгейі қазірдің өзінде көтеріліп жатыр.

- Алдағы уақытта су тасқыны Қостанайдың орталық және батыс бөлігінде бір-екі күнде болады деп күтіліп отыр. Батыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңі басталады. Ол судың көзі Ресей территориясынан келеді. Өйкені ол жақтағы су қоймасы толып, суды түсіру процесі жүргізіліп жатыр. Оралға келесі апта үлкен су келуі күтіліп отыр. Осы аптаның аяғында болуы мүмкін. Жайық өзені қазірдің өзінде көтеріліп жатыр. Ресей мамандары бізбен байланыста және күнделікті ескертіп отыр, - деді "Қазгидромет" РМК бас директорының орынбасары.

 

Құрметті батысқазақстандықтар!

стикер фонд қаз

Өңіріміздің бірнеше ауданында су тасқыны болып, бірқатар ауылдағы ағайын баспанасыз қалды.

Табиғи апаттың салдарынан қиын жағдайға тап болған жерлестерімізге ерікті түрде қолдау білдіремін деген өңір тұрғындары төменде көрсетілген «Ақжайық» жеке қоры арқылы қаражат жолдай алатынын еске саламыз!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале