19.09.2023, 16:30
Оқылды: 41

Оралда тағы орман өртеніп жатыр

Қызыл жалын Бор тау шағынауданы халқына қауіп төндіруде. Жаңа көпір маңындағы орман өртін сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 131 қызметкері мен 31 техника жұмылдырылуда.

36628C2C-7124-4536-9FE5-75CD6D21BC77

Дәл қазір өрт алаңына Төтенше жағдайлар департаментінің тікұшағы келіп жетті.

БҚО-да дәл осындай жоспармен жаңа көпір маңындағы орман алқабын өрттен қорғау мақсатында оқу-жаттығу жұмыстары басталды.

36660A7E-8001-40C7-88B0-1A9AF3E70763

Мұндай оқу-жаттығу жұмыстары жеке құрамды ширатуға, дайындықты пысықтауға көмегін тигізеді.

– Біздің оқу-жаттығуды өткізудегі мақсатымыз – орман алқабындағы өртті сөндіру, маңайындағы елді мекендерге өрт қаупін жібермеу. Биыл облыс аумағында 14 дала өрті тіркелді. Бәрі де абыроймен сөндірілді, - деді БҚО ТЖД бастығы Ернұр Өтегенов.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале