22.06.2021, 13:45
Оқылды: 208

Оралда "Тәні саудың – жаны сау" атты сайыс өтті

Кеше Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында "Тәні саудың – жаны сау" атты әйел жамағаты арасында волейбол сайысы ұйымдастырылды.
4

Жарысқа әйел жамағаты белсене қатысып, өзара бақтарын сынады.

Қызықты да бәсекелі дода 4 команда арасында өтті. Нәтижесінде "Алға" командасының қыздары айқын басымдықпен оқ бойы озып шықты. Жүлделі II орыннан "Барыс" тобы көрінді. Ал үздік үштікті "Арыстан" тобы түйіндеді. Сондай-ақ ойын барысында "Жайық" тобының  арулары белсенді ойын көрсетті.

3

Барша қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Спорттық додаға “Айсар” және спорттық тауарлар дүкендері арнайы сертификаттарын сыйға тартып, демеушілік жасады.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале