30.11.2021, 11:36
Оқылды: 89

Оралда Тәуелсіздік жылдары 4 аурухана және 2 емхана салынды

1994 жылы Орал қаласында облыстық диагностикалық орталық ашылды. Нысан қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен қамтылған. Жыл сайын бұл жерден 30 мыңнан астам адам тексеруден өте алады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков мәлімдеді.

WhatsApp Image 2021-11-30 at 11.32.20

- Облыстық клиникалық ауруханада офтальмологиялық бөлімше 2009 ашылды. Бұл бөлімше Қазақстан мен Ресейдің біріккен жобасы негізінде өмірге келді.
Ал бір жылдан кейін Орал қаласының Зашаған кентінде 200 орындық жаңа үлгідегі көпбейінді балалар ауруханасы пайдалануға берілді. Аурухана «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде салынды. Аталған бағдарлама аясында №5 емхананың ашылу салтанаты өтті.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына Орал қаласында 150 кереуеттік жаңа онкологиялық диспансері ашылса, облыстық кардиологиялық орталығында Батыс Қазақстан облысының тарихында алғаш рет жүрекке ота жасалды.

Осыдан 5 жыл бұрын ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 300 төсектік қалалық көпбейінді аурухана пайдалануға берілді. Ауруханада нейро-инсульт орталығы, жалпытерапиялық, травматологиялық, гинекологиялық, әйелдер босанатын және басқа бөлімшелер жұмыс жасайды. Барлық заманауи керек-жарақтармен қамтылған ауруханада 140-тан астам дәрігер, 300-дей орта буын маманы еңбек етеді.

2014 жылы №6 қалалық емхана пайдалануға берілсе, өткен жылы 200 орындық жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды,  - деді Абат Шыныбеков.

Орал қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале