5.12.2023, 23:14
Оқылды: 2

Оралда тәжірибелі тіл маманына құрмет көрсетілді

Бүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде филология ғылымдарының кандидаты, доцент Құспан Ароновтың 63 жасқа толуына орай «Еңбектен зейнетке» атты кеш өтті.

6a009ec1-bd80-4911-9742-d5a1cc3c05b7

Кешті философия докторы (PhD) Айдарбек Ақболатов жүргізді. Іс-шарада аталған университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Мерген Сүлейменов ғалымның иығына шапан жауып, алғысхат табыстады.

e94be5f4-77f1-42ac-9c8a-c76aa3c272f9

- Тәжірибелі тіл білімі маманы Құспан Ғұмарұлы ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етіп, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Ұстаздық қызметті адал атқарып, оқыту ісінде нақты нәтижеге қол жеткізе білді. «Аттан сүрінсе де, салттан сүрінбеген» ұлтпыз ғой. Ғалымға сый-құрмет көрсету, оның атқарған ісіне лайықты баға беру – басты міндетіміз. Қадірлі Құспан Ғұмарұлы, деніңізге саулық, басыңызға амандық тілеймін! Ғылым жолындағы еңбегіңіздің зейнетін көріп, ет жақындарыңыздың ортасында бақытты ғұмыр кешуіңізге тілекшіміз, - деді Мерген Қуанышұлы. Бұдан соң облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы Айнұр Дәулетова аталған басқарманың басшысы Сайран Дүйсеновтің алғысхатын ұсынды.

Іс-шара барысында педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Түймеш Дәрішова ұлағатты ұстаздың тұлғалық болмысы, ерекше қасиеттері жөнінде сөз қозғады. Филология ғылымдарының докторы, доцент Ғабит Хасанов, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рита Сұлтанғалиева және Айгүл Ниетова, Назира Қабошева, Нұрсәуле Ахатова, Ганмиркүн Тұрғанәлиева, Жангүлім Мұханбетова сынды қазақ филологиясы кафедрасының бірқатар оқытушысы ізгі ниет-тілегін ақтарды. Өз кезегінде Құспан Ғұмарұлының шәкірті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Сандуғаш Сағидуллиева да ұстазы жайлы сыр ақтарды. Кеш барысында филология факультетінің студенттері өлең оқып, ән шырқады.

480cb0c6-7653-4d7a-a344-2ce4fea9bfd3

- Бұл шараға Құспан Ғұмарұлының шалғайда жүрген шәкірттері онлайн сипатта қатысып отыр. Ағамыз түрлі деңгейдегі конференцияларда мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге қатысты мәселелерді алға тартып жүр. Оның перзенттері де көптеген жетістікке жетіп, өздерін жан-жақты дамытып келеді. Құспан Ғұмарұлы, шәкірттеріңіз сізді тәжірибелі маман ретінде қашанда құрметтейді, - деген филология факультетінің деканы Айдарбек Ахметұлы ұлағатты ұстазға М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін 2003 және 2018 жылы тәмамдаған түлектердің атынан ақшалай сертификат табыс етті.

bf6d8f27-94d1-4bf2-ad87-942dd8f17591

Айта кетейік, Құспан Аронов 1960 жылы 2 желтоқсан күні Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында жарық дүниеге көрінген. 1986 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың филология факультетін бітірген. 1989-1992 жылдар аралығында ҚР ҰҒА Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында аспирантурада оқыған. Ал 1986-1995 жылдар аралығында Атырау педагогикалық институты қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы ретінде қызмет етсе, 1995 жылы Орал қаласындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетіне оқытушы болып жұмысқа кіріскен. Академик Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың жетекшілігімен «Қазақ тіліндегі халықтық космонимдердің этнолингвистикалық табиғаты» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Қазіргі таңда М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы.

cbed16e4-85ad-4080-9a5d-18cf7ed990b0

7fcf732f-5c7f-4812-876a-ce65ea7fd853

2ff7e51d-3a98-49e3-98e4-803301083ff6

Марлен Ғилымхан, 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале