2.05.2022, 16:47
Оқылды: 103

Оралда тұңғыш рет әуесқой хоккейшілер арасында чемпионат өтті

Оралдағы мұз айдыны спорт сарайында шайбалы хоккейден ардагерлер мен әуесқой командалар арасында өткен «Жеңіс кубогы» жарысы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220502143314368e

Турнир Жеңіс мерекесіне орай 2014 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. БҚО шайбалы хоккей федерациясының президенті Аркадий Рубцовтың айтуынша, биыл әуесқой хоккейшілер арасында чемпионат алғаш рет республика деңгейінде ұйымдастырылды.

Додаға барлығы алты команда қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды.

Финалда «Орал-1» командасы Қостанайдан келген «Қайратты» 3:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Атыраулық «Мұнайшы» клубы жерлестері «Прикаспиец» командасын 1:0 есебімен ұтып, үшінші орынға көтерілді.

Чемпионат қорытындысында Саят Тұрысбеков («Мұнайшы) – үздік қақпашы, Марат Әбдірахманов («Орал-1») – үздік қорғаушы, Степан Лузенинов («Орал-1») – үздік шабуылшы, Сергей Лейнинг («Қайрат») – үздік мерген, Иван Лейнинг («Қайрат») - үздік пас беруші аталымы бойынша марапатталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале