22.04.2019, 16:31
Оқылды: 37

Оралда тұңғыш рет «Business Lady Qazaqstan – 2019» байқауы өтеді

Орал қаласында тұңғыш рет «Business Lady Qazaqstan – 2019» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтеді.

 bisness

Мақсаты – кәсіпкер азаматшалардың жұмысын насихаттау, еңбегін елге көрсету, халықпен таныстыру, ұйымдастырушылық және көшбасшылық мүмкіндіктерін шыңдау, шығармашылық қабілеттерін ашу, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, тарих пен мәдениетке қызығушылықтарын ояту.

Байқау үш кезеңнен тұрады:

І кезең.

«Бейнеақпарат» (видеоролик) – қатысушылар бір минуттық бейнебаян арқылы өзін және кәсібін, күн тәртібін (қалауы бойынша отбасын) таныстырады.

ІІ кезең.

«Зияткерлік сайыс» – қазылар алқасы, серіктестер мен демеушілер қойған кәсіпкерлікке байланысты түрлі жағдаяттық сұрақтарға жауап береді (бейне-сұрақ).

ІІІ кезең.

«Шығармашылық сайыс» – қазақ не орыс тілінде Ұлы даланың тарихынан сыр шертіп, ұлттық рух сыйлайтын туындыны орындау (поэзия, би, ән, ұлттық музыкалық аспапта ойнау және тағы басқа).

Байқаудан екі күн бұрын қалаға республикаға танымал кәсіпкерлер келіп, қатысушыларға жетістікке жету жолы мен табыс сырын бөлісіп, шеберлік сағатын өткізеді.

Аймақ жеңімпазы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық кезеңге  қатысады.

Жүлдегерге «Business Lady Qazaqstan – 2019» атағы және шетелге жолдама беріледі.Қатысушыларға жоба серіктестері мен демеушілер атынан бағалы сыйлықтар ұсынылады. БАҚ беттерінде жеңімпаз бен қатысушылардың кәсібі туралы жарнама жасалады.

БҚО бойынша бірінші рет ұйымдастырылатын байқау өңірдің барлық аудан мен ауылдық округтеріндегі кәсіпкер ханымдардың басын қосып, тәжірибе, ой-пікір алмасу мүмкіндігін туғызады және жас кәсіпкерлер мен кәсібін бастай алмай жүрген жастарға жігер, сенім сыйлап, үлгі болмақ. Алғашқылардың қатарынан табылыңыз! Келіңіз! Қатысыңыз! Кәсібіңіз бен кәсіпкерлік ортаңызды кеңейтіңіз! Жетістікке жетіңіз!

Тіркелу үшін: +7 707 617 68 73 (Әділет Дәулетұлы Габдрешев – ұйымдастырушы).

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале