5.08.2026, 10:15
Оқылды: 6

Оралда туысының алтын әшекейін ұрлаған күдікті ұсталды

 Оралда туысының алтын әшекейін ұрлаған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

photo-output-12

Сурет: polisia.kz

Орал қаласында полиция қызметкерлері жеке тұрғын үйден алтын зергерлік бұйымдардың ұрлану дерегін ашты. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 32 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Анықталғандай ол жәбірленушінің туысы бола тұра, үйге еркін кіріп, екі рет алтын әшекейлерді жасырын түрде ұрлаған.

Алғашқы ұрлық кезінде қолды болған зергерлік бұйымдарды күдікті ломбардқа өткізіп үлгерген. Ал екінші рет жасаған ұрлықтан кейін ұрланған мүлікке иелік етіп үлгермей, полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Қылмыстық іс бойынша барлық заттай дәлелдемелер тәркіленді. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 900 мың теңгені құрады.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Полиция ескертеді: бағалы заттарды оңай қолжетімді жерлерде қалдырмаңыз,бөгде адамдардың тұрғын үйіңізге еркін кіруіне жол бермеңіз және мүлкіңіздің сақталуын қамтамасыз ету үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдаңыз. Құқыққа қайшы әрекеттерді байқасаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале