10.06.2022, 17:45
Оқылды: 174

Оралда «Тынисов» ЖК-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Тынисов» ЖК-ның тарату желілері бойынша су беру қызметтеріне тарифтер мен тарифтік сметалардың жобаларын қарау бойынша жария тыңдау өткізді.

E55D3108-5896-4075-A4D3-05F9977815A6

Жария тыңдау департамент басшысының міндетін атқарушы Гүлжаз Жәнібекқызы Қазбекованың төрағалығымен өтті.

Жария тыңдауға тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар арасынан жалпы саны 18 адам қатысты.

Тариф жобасы бойынша «Тынисов» ЖК-ның басшысы - Арманбек Базарбайұлы Тынисов баяндама жасады.

Департаменттің шешімі жария тыңдауға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, 2022 жылғы 24 маусымда қабылданатын болады.

 ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале