4.11.2022, 14:45
Оқылды: 206

Оралда ұландықтар ұрлық жасаған азаматты ұстады

Орал қаласында Ұлттық ұлан жауынгерлері  ұрлық жасаған азаматты қолға түсірді.

PHOTO-2022-11-04-11-51-44

Атап айтар болсақ, Орал қаласының қоғамдық тәртібін қамтамасыз етіп жүрген Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің сарбаздары қырағылық пен батылдықтың үлгісін көрсетті. Кеше кешкісін сағат 21:15 шамасында қала орталығында аздап ішімдік ішкен, Орал қаласының 1973 жылы дүниеге келген «Б» есімді тұрғынын қолға түсіреді.

Тәртіп сақшылары азаматтан күдіктеніп, құжаттарын тексеру жұмыстарын жүргізеді. Ұландықтар аталмыш азаматтың құжаттарын мәліметтер базасынан тексеру барысында оның осыдан 5 күн бұрын қала тұрғынының бірінен 10.000 теңге көлемінде ақша ұрлап, ұстатпай жүргенін анықтайды.

- Күнделікті өзімізге берілген бағыт бойынша қызмет атқарып жүргенде аздап ішімдік ішкен адамның жүрісі бізге күдік туғызды. Содан оны белгіленген тәртіп бойынша тоқтатып, құжаттарын тексеру барысында, оның ұрлық жасағаны үшін күдікті ретінде іздеуде жүргені анықталды. Сөйлесу барысында азамат өзі жасаған ұрлығын мойындап түсінік берді, -  дейді әскери жасақ кезекшісі лейтенант Бекарыс Әбдужаппар.

Қазіргі таңда Орал қаласының полиция департаментінде аталмыш оқиға бойынша тәртіп бұзушының үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ертуған Әубәкір,
капитан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале