Батысқазақстандық оқушылар Дубайда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды
1 Сәуір 2023

Батысқазақстандық оқушылар Дубайда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды

«Ақжауын» телехикаясы «Nauryz» ұлттық байқауының «Үздік драмалық сериал» аталымында жеңіске жетті
31 Наурыз 2023

«Ақжауын» телехикаясы «Nauryz» ұлттық байқауының «Үздік драмалық сериал» аталымында жеңіске жетті

30 Наурыз 2023

"Ақжайық" футбол командасы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Киік популяциясын реттеу мәселесі талқылануда
30 Наурыз 2023

Киік популяциясын реттеу мәселесі талқылануда

Жыр болған жол
29 Наурыз 2023

Жыр болған жол

Президент: «Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді»
29 Наурыз 2023

Президент: «Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді»

Оралда Ұлттық ұлан жауынгері муайтайдан чемпион атанды

Оралда муайтайдан ересектер арасында дүбірлі жарыс өтіп түрлі салмақ дәрежесі бойынша мықтылар анықталды. Бұл жарыс ел біріншілігіне іріктеу болғандықтан барлық спортшылар татамиде барын салып, өз өнерлерін көрсетті.

IMG-20230131-WA0014

Ағымдағы жылдың 27-29 қаңтар аралығында Орал қаласындағы Деркул шағын ауданында орналасқан «Орал» спорт клубында ересектер арасында муайтайдан облыс біріншілігі өтті. Аталмыш жарысқа 9 салмақ дәрежесі бойынша 150-ге тарта спортшы сынға түсіп, өзара мықтыларды анықтады.

Осы жарысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің келісім шарт бойынша әскери қызметшісі қатардағы Али Нәсіпқалиев қатысып,  91 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

- Муайтай – өте күрделі спорт түрі. Бұл спортта спортшының дайындығы мен шеберлігі өте жоғарғы деңгейде болу қажет. Мен бұл жарысқа тыңғылықты дайындалып келдім. Қарсыластарым да жақсы дайындықпен келіпті. Дегенмен осы жарыста дұрыс тактика қолданып, қарсыластарымның осал тұстарын дұрыс пайдалану арқылы жеңіп шықтым. Ендігі мақсат ақпан айында өтетін ел біріншілігіне қатысып чемпион атану деді,- жеңімпаз Али Нәсіпқалиев.

Айта кетейік осы жарыстың жеңімпаз жүлдегерлері ел чемпионатына қатысатын болады. Муайтайдан ел біріншілігі ағымдағы жылдың 21-25 ақпан аралығында Шымкент қаласында өтеді деп жоспарлануда.

Ертуған Әубакир,

капитан

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале