29.05.2018, 15:24
Оқылды: 62

Оралда үш қыздың ерекше оқиғасы туралы фильм түсірілді

Фильмге Кеңтүбек ауылында тұратын Дворецкийлер отбасының оқиғасы арқау болған. Бейнефильмнің басты кейіпкерлері - тағдырдың тауқыметін тартып, балалар үйін паналаған үш қыз.

Қазір үшеуі де Ақсай қаласының маңындағы Кеңтүбек ауылында тұрады. Осы ауылды мекен еткен Дворецкийлер отбасы үш баланы қыркүйек айында қамқорлығына алған екен. Содан бері жанұя бірден үш жанға толығып, тату ғұмыр кешуде.

Оралдық жастар Дворецкийлер отбасымен үш қызға арналған білім алу шоттарын ашу кезінде танысады. Содан көпке үлгі боларлық фильм дайындау идеясы туыпты. Жасотандықтардың айтуынша, кеңтүбектік отбасы бала асырап алу жөнінде бұрыннан ойланып жүрген екен. Алайда көп уақыт бойы нақты шешімге келе алмапты.

Бұл отбасының қызықты оқиғасын фильмнен көре аласыздар.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале