23.12.2020, 11:50
Оқылды: 147

Оралда үздіктер марапатталды

Осы аптада облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «JRO belgisi – 2020» шарасы өтіп, әр түрлі салада өзінің кәсіби шеберлігін көрсетіп жүрген үздік жас көшбасшылар мен қызметкерлер, жастар орталықтары арнайы марапатталды.

 1 (29)

Салтанатты жиынға облыстық басқарма басшылары, қалалық, аудандық жастар ресурстық орталықтарының жетекшілері, еріктілер мен белсенді жастар қатысқан болатын.

Жастар ресурстық орталығының 7 жылдығына арналған шарада «Үздік парақша», «Үздік жастар ресурстық орталығы», «Үздік қызметкер», «Үздік жоба», «Үздік жастарға қызмет көрсету орталығы», «Үздік коворкинг», «Үздік жастар жетекшісі» аталымдары бойынша үздіктер анықталды.

1 (69)

- Алғаш рет өткізілгелі отырған бұл шара жеті жылдық еңбегіміздің жемісі деп айтуға болады. Бұл жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастырып, жастардың белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылуда. Өңіріміздегі жастар саясатының дамуына елеулі үлес қосып, жастардың азаматтық бастамаларын қолдап, түрлі мәселелер бойынша көмек көрсетіп, әлеуметтік жобаларды іске асыруға, жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейтуге атсалысқан кәсіпкерлер мен жастар орталығына, түрлі жоба жетекшілеріне, белсенді жастарға ағыс айтамыз, - деді облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұркен Мейірбек.

1 (107)

Шара соңында Шыңғырлау ауданы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы СалтанатЕлеусін - «Үздік қызметкер», Орал қаласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы - «Үздік жастарға қызмет көрсету орталығы», Ақжайық ауданы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы Дина Сәтпаева - «Үздік жастар жетекшісі», Сырым ауданы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесші Қанат Құлмақан мен Ақжайық ауданы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесші маманы Ақұштап Сапарғалиева - «Үздік қызметкер», Жәнібек ауданы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жастар жетекшісі Хайрушев Бексұлтан - «Үздік жастар жетекшісі», Орал қаласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының @oraljastary парақшасы - «Үздік парақша», Бөрлі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы - «Үздік коворкинг», Тасқала ауданын жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жастармен жұмыс жөніндегі маманы Аманғали Байғали - «Үздік қызметкер», Тасқала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы - «Үздік жоба», Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы «Үздік JRO» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылды.

 

Ләззат Ғиниятқызы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале