22.02.2018, 15:34
Оқылды: 58

Оралда волейболдан республикалық чемпионат өтуде

Ақпанның 22-27-сі күндері аралығында Орал қаласындағы «Арман» спорт кешенінде волейболдан жоғары лиганың ерлер командалары арасында ҚР XXVI чемпионатының III кезеңі басталды.

 -Бұған дейін екі кезеңді өткіздік. Бұл жарысқа алты ерлер командаcы қатысып, бақ сынап көруде. Ақтөбе, Қостанай, Шымкент, Талдықорған, Қызылорда және Орал қаласының командалары қызықты ойын көрсетуде. Алдыңғы екі тур Талдықорған мен Түркістан қалаларында ұйымдастырылды. Қазіргі таңда ұпай санымен Ақтөбе командасы алда келе жатыр. Одан кейінгі орындарға қызылордалықтар мен шымкенттік командалар жайғасуда. Аталмыш турда әрқайсысы бес ойын өткізеді. Төртінші кезең Ақтөбеде, ал бесінші тур Қызылорда қаласында өткізіліп, сол додада нүктесін қоятын боламыз, -дейді жарыстың бас төрешісі Жақып Биданов.

Жарыс бес күнге созылады.

Темірболат Тоқмамбетов

Фото автордікі

zhaikpress.kz

voleibol 2 voleibol 3 voleibol 5 voleibol

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале