14.11.2023, 12:00
Оқылды: 197

Оралда «Жайық жастары» баспана бағдарламасы ашылады

Батыс Қазақстан облысында келесі жылы 40 жас отбасыға баспана беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиев айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

ЖП ДОМ (4)

«Биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 540 жас маман 186 млн теңге көлемінде бастапқы көтерме жәрдемақы алса, «Отбасы банк» арқылы «Жайық жастары» баспана бағдарламасы аясында 600 млн теңгеге 40 жас отбасыға арналған жобаны іске асыру көзделіп отыр», - деді Н. Төреғалиев елордада Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

2023 жылдың II тоқсаны бойынша өңірдегі жалпы жұмыссыздық деңгейі – 4,9%, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 3,8%-ды құрап отыр.

«Жасыл Ел» жобасы аясында 1200 жас жұмыспен қамтылды. Одан бөлек «Студенттік құрылыс жасақтары» жобасы бойынша 300 жас әртүрлі құрылыс нысандарында еңбек еткен.
«Биыл «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы арқылы 25 мың адам әртүрлі жұмыспен қамту шараларына жолданды. 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 80%-ы ауылдық жерлерде екенін айта кеткен жөн», - дейді спикер.

Сондай-ақ, биыл 25 мың отбасыға 2 млрд астам теңгеге әртүрлі әлеуметтік көмек көрсетіліп, нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны 28%-ға азайған.

«2022 жылы Мемлекет басшысы мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған заңға қол қойды. Осы орайда, Орал қаласында заманауи стандарттар мен технологияларға сәйкес мүгедектігі бар адамдарға арналған 7,5 млрд теңгеге 150 орындық әлеуметтік оңалту орталығы салынып жатыр», - деді өңір әкімі.

Айта кетейік, Нариман Төреғалиев Астанада Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беріп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале