5.04.2021, 9:51
Оқылды: 152

Оралда «Жайықжылуқуат» АҚ-ның хабарламасы бойынша жария тыңдаулар өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2021 жылдың 30 сәуірінде сағат 11:00-де «Жайықжылуқуат» АҚ-ның жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау қызметтеріне 2021-2026 жылдарға арналған тарифтер мен тарифтік сметалардың жобаларын қарау бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды.

97603CA0-982B-447E-896B-7E764720F59B

Жария тыңдау мына мекенжай бойынша өтеді: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 208.

Облыстағы карантиндік режимді ескере отырып, "COVID-19" коронавирустық инфекциясын таратпау мақсатында Орал қаласының тұрғындары және өзге де мүдделі тұлғалар "ZOOM" қосымшасы арқылы онлайн режимінде Жария тыңдауға қатыса алады (https://zoom.us/j/97587159276?pwd=OWI2N00wM2srSWd1TFV5aWprWW5UQT09, конференция идентификаторы: 975 8715 9276, кіру коды: av26jT) және Департамент басшысының Facebook-тегі ресми парақшасында (https://www.facebook.com/profile.php?id=100058998086180).

Жария тыңдауға қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша немесе «FACEBOOK» қосымшасында іздестіруге басшының аты Алмас Отаровты енгізу қажет.

Кез келген адам онлайн режимде өз сұрақтарын қоя алады және оларға жауап ала алады.

Уәкілетті органның байланыс телефоны: 8 (7112)250383.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале