16.02.2018, 12:16
Оқылды: 83

Оралда жаңа шағын аудан салынады

IMG_9685Өңір халқы алдында есеп берген БҚО әкімі Алтай Көлгінов алдағы атқарылар жұмыстармен таныстырды.

Облыс әкімінің айтуынша, биыл мыңдаған бастысқазақстандық қоныс тойын тойлайтын болады.

- Жоспар бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облыс орталығында 21 көп пәтерлі үй салынады. Ал облыстың ауылдарында 123 тұрғын үй беріледі. Яғни мыңдаған жерлесіміз тұрғын үймен қамтылады. Біз, әсіресе, аудандарға маңыз беріп отырмыз. Ауыл халқына жайлы жағдай жасағымыз келеді. Бұл ретте олар жайлы баспанада, өз кәсіптерін ауылда-ақ дөңгелете алады. Қала бойынша 22 000 адам үй кезегінде тұр. Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» 50 000 салымшы бар екен. Көріп отырғандарыңыздай, ауыл тұрғындарында көп мүмкіндік бар.

Қазталовтықтарға сүйінші хабарымды жеткізгім келеді. Биыл Жалпақталдан Қазталовқа дейінгі жолды жөндеуге конкурс жарияланды. Қаражат бөлінді. Қазір ҚР Инвестиция министрлігімен жұмыстанудамыз. Жәнібек ауданы келесі кезекте. Бәрі бірден болмайды. Кезегімен жасайтын боламыз.

Өңірімізде мәдениет саласында бірқатар шаралар атқарылды. Жетістіктер көп. Алайда жергілікті тұрғындар облыс орталығында Мәдениет үйінің жоқтығын мәселе етіп көтеріп жүр. Осы мақсатта 1500 орындық Мәдениет үйі құрылысын бастайтын боламыз.

2030 жылы қаламызда 400 000 адам болады деп отырмыз. Оларды қайда орналастырамыз деген сұрақ туындайды. Бұл мәселені шешу мақсатында «Ақжайық» шағын ауданын салмақпыз. Онда 130 көп қабатты үй болады. Инфрақұрылымы жаңа. Жарықтандыру бар. Жолдары кең. Жаңа шағын ауданда 50 000-дай тұрғын тұратын болады. Осы шағын аудан үшін арнайы көпір саламыз. Бұл жолды қысқартады. Басқа да мүмкіндіктер береді. Ал Зашағандағы барлық құрылыстарды 2020 жылға дейін аяқтайтын боламыз. Себебі бұл ауданда бос жер жоқ. Біздің пайымымызша, енді қаламызда заманауи үйлер болу керек. Біз де тәжірибе жинақтадық. Өздеріңіз білесіздер, алғашқы үйлер кірпішпен қапталды. Қазір екі үй салу комбинаты жұмыс жасайды. Олар да замануи технологияны қолдана бастады. Сондықтан бұл бағыттағы жоспарлар көп.

Таза ауыз су бойынша да ауқымды шаралар бар. Биыл тағы 50 елді мекенге таза ауыз су жеткізіледі. Газдандыру жұмыстары да жалғасады. Сонымен қатар  92 елді мекенді кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуді бастаймыз, - деді облыс әкімі.

Айдана Хамидуллина

zhaikpress.kz

Сурет: Темірболат Тоқмамбетов

IMG_9702 IMG_9698 IMG_9697 IMG_9677 PRI_9905

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале