25.09.2024, 15:00
Оқылды: 89

Оралда жасөспірімдер арасында шахматтан турнир өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанынан құрылған Еріктілер кеңесі жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті хабарлады.

7690034F-C16A-4888-ADED-84B74A93B256

Сурет: freepik.com

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті және Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру, спорт басқармасының ұйымдастыруымен Қала күнінде шахматтан жасөспірімдер арасында турнир өтті.

Шара аясында мектеп оқушылары шахмат өнерінен мастер-класс өткізіп, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Турнир қорытындысы бойынша ұл балалар арасында І орынды Орал қазақ-түрік лицейінің 7 сынып оқушысы Мурад Тохтахунов, ІІ орынды 21 мектептің 3 сынып оқушысы Даниал Утеули, ІІІ орынды 21 мектептің 4 сынып оқушысы Расул Бөкенбайұлы иеленді.

Қыздар арасында І орынды 42 мектептің 4 сынып оқушысы Зейнеп Бахтиярқызы, ІІ орынды 7 мектептің 7 сынып оқушысы Ильнара Ишмухамбетова, ІІІ орынды 9 мектептің 8 сынып оқушысы Надия Джумагалиева иеленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале