16.09.2020, 11:01
Оқылды: 106

Оралда «Жауынгер жолы» атты жастармен кездесу өтті

15 қыркүйекте Батыс Қазақстан «АтиСО» академиялық колледжі базасында «Үркер» өнер және мәдениетті қолдау орталығы» жеке қорының ұйымдастыруымен  жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында жастармен кездесу өтті.

Волонтер 1

«Жауынгер жолы» атты шараға Ауған соғысы ардагерлері Олег Пимонов, Ерболат Жұманғалиев, Игорь Барышников шакырылды. Олар өздерінің басынан кешкен оқиғаларымен бөлісті.

Бүгінгі күннің бейбіт ұландарына жылы лебіздерін арнап, жарқын болашақ тіледі.

«Батыс Қазақстан облысы Сталининград майданының жақын тылы» атты тақырыппен «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының директоры Айболат Құрымбаев студенттер алдында дәріс оқыды.

Батысқазақстандық өлкетанушы Айболат Шамұратұлы туған жері Бөкей ордасы ауданындағы Сайқын елді мекеніндегі Ұлы Отан соғыс жылдарындағы неміс ұшқыштарының бомбалаған жерлерді зерттелгендігі туралы толық мағұлмат берді, - дейді ерікті Қ.Жұбанышева.

волонтер 2

Айта кету керек, зерттеу жұмыстары барысында табылған «196 Қызыл Тулы Гатчинск атқыштар дивизиясының баурластар зираты» туралы ақпарат беріп туған өлеміздегі жас ұрпақ мақтана алатын мұраларды көрсетті. Өткізілген іс-шара өз мәресіне жетуге таяғанда келген қонақтарға  шағын сыйлықтар табысталды.

Шара санитарлық режімді сақтай отырып өткізілді.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале