8.05.2024, 16:59
Оқылды: 47

Оралда Жеңіс күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Ертең 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Орал қаласындағы Жеңіс алаңында, «Қазақ халқының даңқты қыздары» ескерткіші, Т.Масин ескерткіші, Г.К.Жуковтың ескерткіші, «Ол күндердің даңқы өшпейді» монументі мен Бауырластар зиратына гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылады.

1Көрнекі сурет

Сондай-ақ, сағат 10.00-де ҰОС ардагерлерінің аулаларында, атап айтсақ, Северо восток 2, 20-165, Ақтөбе көшесі, 105, Зашаған кенті Бостандық көшесі, 47-43, Еуразия даңғылы, 57-35,Астана шағын ауданы 14-65, Рыскұлбеков көшесі 8, Ет комбинат шағын ауданы 10/2, Ықсанов көшесі 73/2-2, Сарайшық 42-44, Құрманғазы 104-9, Қамбар батыр 8-42, Гагарин көшесі 113/1-3, Еуразия даңғылы, 88-105, Северо Восток 2, 20-97 көшелері мекенжайы бойынша мерекелік шағын концерт өтеді.

Орал қаласының әкімдігінің өкілдері 9 мамыр күні сағат 10:00-ден бастап қаламыздағы ардагерлердің үйлеріне барып, Жеңіс мерекесімен құттықтап, сый-сияпат табыс етеді.

Айта кетейік, биыл Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 500 000 теңге бір жолғы материалдық көмек берілді. Сондай-ақ қала әкімдігінің қызметкерлері және еріктілер әр ардагердің үйіне және ауласына тазалық жұмысын жүргізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале