12.09.2019, 10:54
Оқылды: 453

Оралда жер қазу жұмыстары кезінде адам сүйектері табылды

Оралда жер қазу жұмыстары кезінде адам сүйектері табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 190912104604829e

Қалаға қарасты Деркөл ауылында Белая казармадағы саяжайлардың бірінде салынып жатқан гаражда шұңқыр қазу сәтінде адам сүйектері шыққан.

 Жер қазып жатқан ер адам сүйек пен көне құмыраға тап болғаннан кейін облыстық тарих және археология орталығының ғылыми қызметкері Яна Лұқпановаға хабарласқан.  Содан кейін Яна Амангелдіқызы қазба жұмыстарына жетекшілік етті.

Аталмыш орталық директоры Жантас Сафуллиннің айтуынша, сүйекпен қоса жерленген жәдігерлерге қарап мұның сарматтар кезеңіне жататыны анықталды.

-Қазіргі кезде қазба жұмыстары аяқталды. Ғылыми қорытынды алдағы уақытта айтылатын болады, - деді ҚазАқпарат тілшісіне Ж.Сафуллин.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале