30.12.2019, 16:35
Оқылды: 172

Оралда «Жұлдыз» community орталығы ашылды

Оралдағы Деркөл кентінде №48 мектеп жанынан «Жұлдыз» community орталығы ашылды.

community (1)

Аталмыш орталық қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің "Жұлдыз" балалар аула клубын жаңарту жолымен қайта құрылды.

community (2)

Орталықтың ашылу салтанатына Орал қаласының əкімі Абат Шыныбеков арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар ардагер Амангелді Ақмурзин лебізін білдіріп, орталық жұмысына сәттілік тіледі.

community (3)

Аталмыш орталық есігі жас мөлшеріне қарамастан, кенттің кез келген тұрғынына ашық. Күні бүгінге дейін орталықтағы үйірмелерге 120-дан аса оқушы тартылды.

community (4)

Community орталық дүйсенбі-сенбі күндері сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс жасайды. Күндізгі ауысымда "Жас тілші" , "Сансыз жырлар", "Шырқа гитара", "Кел, сурет салайық", "Әсем ән", "Гүлдер әлемі", "Тоғызқұмалақ", "Теннис", "Дойбы" үйірмелері тегін жұмыс жасайды. Кешкі ауысым сағат 18.00 бен 21.00 аралығында үстел үсті ойындары шашка, шахмат, теннис, тоғызқұмалақ, аэро хоккей үйірмелері, "Караоке", "Домбыра" үйірмелері ересектер мен тұрғындарға ақылы түрде жұмыс жасайды.

community (5)

 Орал қаласы әкімдігінің

баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале